Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында түнде ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты салдарынан үш көлік пен бірнеше адам зардап шекті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында түнде ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты салдарынан үш көлік пен бірнеше адам зардап шекті.

Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, бұл оқиға бүгін сағат 00:50-де Алматының Медеу ауданында болған.

"Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта, Меңдіқұлов көшесімен қиылыс маңында рульге ие бола алмай, Lexus маркалы автокөлікке соқтығысқан. Әрі қарай инерциямен Toyota Camry қарсы бағытқа шығып кетіп, даңғыл бойымен шығыс бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Осы оқиға салдарынан бес адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде Toyota Camry көлігінің жүргізушісі бар.

Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети