10 тамыз 2022 | 13:01

Алматыдағы аптап: шілдеде 1956 жылғы рекорд жаңарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда шілденің аптабы 1956 жылғы рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда шілденің аптабы 1956 жылғы рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шілдеде Алматыда ең жоғары ауа температурасы +39,3 градус болды. Синоптиктердің болжамынша, 2022 жылғы шілдеде Қазақстанда қатты жаңбыр жауған.

"Шілденің үшінші онкүндігі елдің оңтүстік жартысында аптап болды. Бұған Иран мен Орта Азия аймақтарынан жылы ауа массаларының шығарылуы және орта тропосферада жылу жотасы қалыптасуы ықпал етті. Температура бойынша рекордтар жаңарды: 19 шілдеде Ақтау метеорология станциясында (Маңғыстау облысы) ең жоғары ауа температурасы +43,0 градус болып тіркелді, осылайша 2018 жылғы рекорд жаңартылды (+40,2 градус), 20 шілдеде Жезқазған метеостанциясында (Ұлытау облысы) ең жоғары ауа температурасы +41,3 градус болды, 2012 жылы осы күні ауа температурасы +40,0 градус болған. 21 шілдеде Қызылорда метеостанциясында ауа температурасы +44,6 градусқа жетті, бұл 2018 жылғы рекордты (+41,9 градус) жаңартты. 22 шілдеде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде термометр бағаны + 40...+46 градусқа жетті", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

22 шілдеде мына станцияларда температура бойынша рекордтар жаңартылды: Алматыда ең жоғары ауа температурасы + 39,3 градус болды, осылайша, 1956 жылғы рекорд жаңарды (+39,0 градус), Тараз метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +42,0 градус болды, ол 1987 жылғы осы күнгі рекордты жаңартты (+39,0 градус). Шымкентте ең жоғары ауа температурасы +42,7 градус болды, 2018 жылы осы күні ең жоғары ауа температурасы +40,5 градус болып тіркелген.

"Ауа температурасы рекордтарынан басқа, республика аумағында атмосфералық фронттардың күшеюі әсерінен айдың басында және аяғында айлық нормадан 2-4 есеге асатын жаңбыр жауды. 3 шілдеге қараған түні Чапаево метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) жауын-шашын екі айлық нормадан асты – 49 миллиметр (айдағы норма – 20 миллиметр), Қарабау метеостанциясында (Атырау облысы) сол күні 21 миллиметр жаңбыр түсті, айлық норма 14 миллиметр. 5 шілдеде Новоалексеевка метеорологиялық станциясында (Ақтөбе облысы) 38 миллиметр жауын-шашын түсті (айлық норма 26 миллиметр); 23 шілдеде "Жаңа Үштоған" метеостанциясында (Атырау облысы) бір тәулікте 24 миллиметр жауын-шашын түсті, айлық норма 15 миллиметр. 28 шілдеде Ақтау метеостанциясында (Маңғыстау облысы) 44 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл нормадан төрт есе көп (бір айдағы норма 10 миллиметр), 29 шілдеде Степногорск метеорологиялық станциясында (Ақмола облысы) 88 ​​миллиметр жауын жауды, айлық норма 56 миллиметр", - деді "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Нұр-Сұлтанда бір ай ішінде рекордтар тіркелген жоқ, ауа температурасының ең жоғарғы мәні 16 шілдеде тіркелді, термометрлер +35,1 градусқа жетті, бір айдағы жауын-шашын мөлшері - 35 миллиметр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети