30 наурыз 2017 13:37

Алматыдағы Арбат қалай өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Сәулетшілер Алматыдағы Арбаттың қалай жаңаратынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сәулетшілер Алматыдағы Арбаттың қалай жаңаратынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сәулетші Роман Шнайдерманның айтуынша, жоба әкімдіктің тапсырысы бойынша іске асады. Басында осы жобаға танымал маман Ян Гейл тартылған, ол жалпылама ұсыныстар айтқан. Олардың мақсаты - қаланы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге тиімді ету. 

"Осы көшені қайта жөндеу барысында елдер мақтан тұтып, демалу үшін келетіндей етіп істейміз. Сәтсіз жөндеулер болды - мысалы тас төсеуіштерді ауыстыру. Бұл жерде түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Кәсіпорындар ретсіз орналасқан. Жаз мезгілінде сыртта істейтін тамақтану мекемелері өте аз. Көркемөнермен айналысуға орын жоқ. Адамдардың өз өнерін паш етуге арналған амфитеатр, сахна секілді орындар мүлдем жоқ. Балалар алаңқайы жоқ. Жарықтандыру ескірген", - деді Шнайдерман.

Сонымен қатар, Жібек жолы көшесінің бойында күміспен қапталған жолақтар орнатылады, онда Жібек жолы тарихы туралы мәліметтер болады. 

 

Ол қазіргі уақытта жобаның мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқанын мәлімдеді. Осы жұмыстарды жазда бастап, бір маусымда аяқтау көзделген. 

Еске салайық, 2015 жылы дат сәулетшісі Ян Гейл Алматыда бірнеше көшені, оның ішінде Жібек жолы көшесін жаяу жүргіншілерге арналған, яғни сауда алаңдары мен демалыс орындарына айналатынын мәлімдеген. 2017 жылы наурыздың ортасында Сәулет және қала құрылысы басқармасы Жібек жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелерін және Астана алаңын қоғамдық жерге айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети