Алматыда жаяу жүргіншілер көшесі Арбат тағы қазылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала тұрғындарына көшенің неге мұндай жағдайда екені қызық.
Алматыда жаяу жүргіншілер көшесі Арбат тағы қазылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала тұрғындарына көшенің неге мұндай жағдайда екені қызық.
Қазір Арбаттың Абылай ханнан Панфиловқа дейінгі оңтүстік жағы баннермен жабылып тұр. Жаяу жүргіншілер көшесінде арнайы техниктер мен жұмысшылар жүр. Көше бойындағы жол төсемі бөлшектеліп, ұзын ор қазылған.
Арбаттың қазіргі халі осындай. ©Айнаш Өндіріс
Жөндеу жұмыстары 17 тамызда басталған. Алайда, Алмалы ауданы әкімдігінің әлеуметтік желісінде Арбаттағы жөндеу жұмыстары туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сұрауына "Алматы Жарық компаниясы" (АЖК) электр сымдарын ауыстыруға байланысты жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады.
Нысан төлқұжатында жүктеменің бір бөлігін қолданыстағы №5 КС, №17А КС және №132А КС-дан жаңадан салынған "Отырар" №163а КС-110/10-10кВ-ға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны көрсетілген.
"Алматы қаласын электр қуатымен жабдықтауды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген құрылыс алаңының баннерінде.
Жөндеу жұмыстары 17 қыркүйекке дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, Арбат қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орын саналады. Мұнда көптеген дүкен мен мейрамхана бар, кешке адамдар отбасы немесе достарымен серуендеп, көше музыканттары өнерін тамашалайды.
Арбат. 24 шілде 2023 жыл.©Айнаш Өндіріс
2017 жылы Алматы Арбаты артарлықтай өзгерді. Жібек жолы көшесі бойымен Абылай ханнан Қонаевқа дейін экологиялық таза гранит плиткалары төселіп, жаңа құрғақ субұрқақтар, авторлық шағын сәулет нысандары, жаңа жарықтандыру шамдары, отыратын орындар, балалар және спорт алаңдары орнатылды.
Айта кетейік, бұған дейін алматылықтар Панфилов көшесіндегі төсемдердің қайта ауыстырылуына ашуланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!