Алматыдағы арнайы ХҚКО-да қылмыстық схема әшкереленді

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы арнайы ХҚКО-да қылмыстық схема әшкереленді Фото:depositphotos.com

Алматыда арнайы ХҚКО-ның қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.


Алматыда арнайы ХҚКО-ның қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокурорлар Алматыдағы арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу нәтижесінде 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды.

"Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді. Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады", - делінген прокуратура хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.9   556.59   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети