Алматыдағы арнайы операция: құпия кеңселер әшкере болды, 29 адам күдікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы полицейлері ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті мен қалалық прокуратураның қолдауымен интернет-алаяқтықпен айналысқан екі кеңсенің әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті мен қалалық прокуратураның қолдауымен интернет-алаяқтықпен айналысқан екі кеңсенің әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында шетелдік азамат басшылық еткен Call-орталық анықталды. Алаяқтар Оңтүстік Азия елдеріндегі банк шоттарында бұғатталған депозиттердегі қаражатты шешіп алуға көмектесеміз деген жалған уәде беріп, азаматтарды алдаған.

"Call-орталық қызметкерлерінің негізгі міндеті – кураторлардың нұсқауымен дроп-шоттарға түскен қаражатты бақылау және оларды басқа шоттарға аудару болды. Бұл қаражат әртүрлі төлем жүйелері арқылы таратылып отырған. Сондай-ақ кеңселерді тінту кезінде ақшалай операцияларды өңдеу мақсатында қолданылған 100-ден астам жүйелік блок тәркіленді. Алматы халықаралық әуежайында осы қылмыстық іске қатысы бар тағы бір адам елден қашпақ болған сәтінде ұсталды", — деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Тергеу барысында кеңсе қызметкерлерінің бұл жұмысты интернет арқылы тапқаны белгілі болды. Оларды сұхбаттасу кезеңінен бастап оқытуға дейін кеңсе меңгерушілері ұйымдастырған. Жаңа қызметкерлерге тапсырмалар беріліп, олардың негізгі міндеті – P2P-төлемдеріне байланысты қаражат аударымдарын өңдеу екені түсіндірілген.

Қызметкерлерге жеке ұялы телефон пайдалануға тыйым салынған және құпиялылық қатаң сақталған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Үш адам қамауға алынып, тағы 26 күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети