13 ақпан 2014 14:04

Алматыдағы әскери техникалар шеруі үрейлі шара емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ермек Сарбасов ©Ермек Сарбасов

Ғаламторда Алматы түбінде әскери техникалардың сап түзегені түсірілген бейнежазба пайда болып, қолданушылар арасында түрлі алыпқашпа әңгімелер туғызған болатын. Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұл бейнежазбаға қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазіргі мезгілде Қорғаныс министрлігінің бас инспекциясы жоспарлы тексеру жүргізіп жатыр. Жоспарға сәйкес, жауынгерлік дайындық, яғни, құралдандыру техникасының жарамдылығы тексеріледі. Осы мақсатта техникалар қозғалысқа шығарылып, 50 шақырымды жүріп өтуі керек, сонда оның жарамдылығы мен ұрысқа дайындығы бағаланады. Шеру жүргізілді, қазір дала жағдайында тексеру жалғасып жатыр", - дейді Аэроұтқыр жасақтар қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қанатбек Белгібеков. Оның айтуынша, тұрғындарға алаңдауға еш себеп жоқ, бұл - жай ғана жоспарлы шара. Мұндай инспекция үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Жуырда №61993 әскери бөлімінің техникасы тексерілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети