19 шілде 2016 | 14:20

Алматыдағы аудандық ІІБ ғимаратында болған зейнеткер атыс туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерий Шинкоренко © Николай Колесников Валерий Шинкоренко © Николай Колесников

Валерий Шинкоренко есімді зейнеткер Алматыдағы атыс кезінде Алмалы аудандық ІІБ ғимаратының ішінде болған. Ол ғимараттың ішінде не болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Валерий Шинкоренко есімді зейнеткер Алматыдағы атыс кезінде Алмалы аудандық ІІБ ғимаратының ішінде болған. Ол ғимараттың ішінде не болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

"Кеше, шамамен таңғы сағат 10-нан кейін мен Ішкі істер басқармасына ұялы телефонның жоғалуына байланысты өтініш жазуға келдім. Ғимаратқа кірдім, постта жас лейтенант тұрды. Сонда таңғалдым. Өзі жас лейтенант, офицер болса да автоматпен тұр. Қолымда пакет болған еді. Содан ол пакетті тексеріп шықты (...) Мен оған оның қандай тәртіпті жігіт екенін айттым. Содан кейін ол маған барлығын түсіндіріп, кезекші бөлімге өту керек екенін айтты. Мені бесінші қабатқа тергеушілерге жіберді. Мен тергеушіге бардым. Шамамен 40 минуттай сонда болдым. Кейін төменге қарай түстім. Осы уақытта ІІБ-ге бір әйел кірді. Екеуіміз ғана болдық, басқа азаматтарды мен көрмедім. Баспалдақпен төмен түсіп, кезекші бөлімнің кіреберісінде тұрғанда дауыс зорайтқышпен біреу "ІІБ қоршауға алынды!" деген айғай шықты. Барлығымыз кері қайттық. Қасымда тағы екі азамат және меніңше, офицерлер болды. Содан біз жоғарыға қарай жүгірдік", - деп еске алды оқиғаның куәгері.

"Әрине, қатты қорқыныш болды. Артымыздан біреулердің жүгіріп жатқаны естілді. Мен төртінші немесе бесінші қабатқа көтеріліп, оңға қарай бұрылдым. Сонда қарасам бір кабинеттің есігі ашық тұр екен. Онда үш офицер болды, мені кіргізді. Біреуі қаруланған екен. Біз терезеге қарадық. Ғимараттың алдында тұрған офицер жерде жатыр, беті қан. Мен оның басына жарақат алғанын түсіндім. Ғимараттың маңында милиция басқармасындағылардың автобусы мен офицердің автобусы тұрды. Кейін оларды қайда алып кеткенін білмеймін", - деді Шинкоренко.

Сонымен қатар, зейнеткер бірнеше уақыт өткен соң офицерлердің кабинеттен шығып кеткенін айтты. Ол да соңынан барған. Дәлізде ешкім болмады. "Адам жоғарыға қарай көтеріліп жатыр, бірақ олар автомат ұстаған қызметкерлер болды. Олар ғимаратты қоршай бастады. Мен төменге қарай түсіп, бірінші қабатқа жеткенімде артымнан бағана қасымда тұрған әйел де келе жатыр екен. Содан біз енді бірінші қабатқа түскенде айғайды естідік. Қорыққаннан жоғары қабаттарға көтерілдік. Атыстың шықты. Біз үшінші қабатқа жеттік. Сонда қызмет ететін үш әйел болды. Олар бізді кабинетке кіргізді. Онда біз шамамен екі сағаттай болдық. Телефондарымызға басқа аумақтарда да шабуыл болып жатқаны туралы ешқандай хабарлама келген жоқ", - деді куәгер.

Оның айтуынша, ғимараттың аумағында шабуыл жасаған адам іздестірілді. "Біз атысты естідік. ІІБ ғимараты маңында болған айғайды естідік. Кейіннен барлығы тынышталды, бұйрық берілді. Бізді ғимараттан шығарды", - деді зейнеткер.

"Шынымды айтсам, артыңнан біреулердің жүгіріп жатқанын және олардың қанша адам болып жүгіріп келе жатқанын сезіну қатты қорқынышты болды. Бір, екі, он. Кезекшіден осындай айғайлар шықты", - деді Шинкоренко.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети