ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 қаңтар 2022 14:00
Алматыдағы ауруханаларда жарық өшкен жоқ
Алматыдағы ауруханаларда жарық өшкен жоқ. Бұл туралы "Алатау жарық компаниясы" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматыдағы ауруханалардың ешқайсы жарықтан ажыратылған жоқ. Оларда электрмен жабдықтау схемалары басқаша. Электр энергиясын жеткізуде қандай да бір ақаулар болса, оларда автоном электр энергиясын өндіру қарастырылған, яғни дизельдік генераторлар бар", - делінген "Алатау жарық компаниясы" АҚ хабарламасында.
Бұған дейін Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөніп қалғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу