11 қараша 2022 13:31

Алматыдағы автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда резонанс тудырған автобус апатына қатысты жүргізуші қамауға алынды. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда резонанс тудырған автобус апатына қатысты жүргізуші қамауға алынды. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәліметінше, жүргізуші екі айға қамауға алынған.

"11 қарашада сот шешімі бойынша, күдіктіні екі айға, яғни 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін қамауға алу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 17 адам ауруханаға жеткізілген, және бір адам медициналық көмектен бас тартқан. Кейін оқиғаның видеосы пайда болды.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегін тексеріп жатқан Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы мәліметінше, ЖКО сызбасына және бейнебақылау жүйелерінің талдауына сәйкес, сағат 14:05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі "МАЗ-203069" қоғамдық көлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған А. есімді ер адам, Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетіп, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан "GOLDEN DRAGON XML6125CN" маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети