Алматыдағы автобус апаты: куәгерлер жанжалдың себебін атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: әлеуметтік желілер Фото: әлеуметтік желілер

Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, жол апатына себепші болған жолаушы екі айға қамауға алынды. Салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған болатын. Оқиға куәгерлері жүргізуші әйел мен жолаушы арасындағы жанжал туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, жол апатына себепші болған жолаушы екі айға қамауға алынды. Салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған болатын. Оқиға куәгерлері жүргізуші әйел мен жолаушы арасындағы жанжал туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, шабуылдаушы бар күшімен жүргізушіні бірнеше рет жұдырықпен ұрғанда, ол есінен танып қалған. Бақылаудан шыққан автобус адамдарды қағып, кейін төрт көлікпен соқтығысқан.

"Жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал басталды. Жүргізуші: "Төле" деді. Бірақ ол төлемеді. Сосын ол адам жүргізушіні балағаттап, қорқыта бастады. Ол оны бір рет ұрды. Ал екінші ретінде ол есінен танып қалды. Бір жігіт шабуылдаушыны тоқтатты, екіншісі тежегішті басып автобусты тоқтатты", – дейді оқиға куәгері Жеңіс Тайбек.

Жанжалға араласқандардың бірі Елдос Сәбитов. Ол жолаушыны ұстап, араша түскен, содан кейін автобусты тоқтатпақ болған. Бұл кезде жәбірленуші ес-түссіз жатқан.

"Досымен отырғанмын. Ер адам жол ақысын төлемеген. Сосын оның жүргізуші әйелді қалай ұра бастағанын көрдік. Мен шабуылдаушыны тыныштандырғым келді. Оны ұруға тура келді. Менің досым оны ұстады. Бұл кезде әйел есінен танып жатқан. Мен автобусты тоқтатуға тырыстым. Қарасам: оның аяғы газда тұр. Мен еңкейіп тежегішті бастым. Барлық адам құлады", - деп түсіндірді ер адам.

Автобус жүргізушісі ми жарақатын алып, бетінің жұмсақ тіндері көгерген. Туыстарының айтуынша, 36 жастағы әйелдің жақ сүйегі сынған. Ол сөйлей алмайды. Жәбірленуші 10 жылдан аса қоғамдық көлік жүргізген. Ол екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана.

"Олар маған әпкемді ер адам бар күшімен ұрғаннан кейін есін жоғалтқанын айтты. Ол оянғанда есеңгіреп қалған. Жақ сүйегі сынған. Шабуылдаушы қашып кетпек болған. Автобустағы жігіттер оны ұстап, жібермей тұрған", - деді әпкесі Айшолпан Бақытова.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді.

Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.

Автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты екі қылмыстық бап бойынша іс тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer