29 қараша 2024 | 16:51

Алматыдағы автобус апаты: сот үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда маусымда болған автобус апатына кінәлі деп айыпталған әйелге үкім шықты. Жол апатынан 1 адам қаза тауып, тағы 25 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда маусымда болған автобус апатына кінәлі деп айыпталған әйелге үкім шықты. Жол апатынан 1 адам қаза тауып, тағы 25 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіргендіктен, айыпталушыға қатысты негізгі сот отырысы қысқартылған тәртіпте өтті. Сонымен қатар соталды тергеп-тексеру сатысында да оның туыстары апаттан зардап шеккеннің барлығына келтірілген шығынды өтеп берді.

Сотта сотталушының баласы бар болғандықтан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Зардап шеккен тарап - қайтыс болған жолаушының ұлы сотта сотталушы С-ны кешіріп, оған ешқандай талап қойған жоқ.

Іс бойынша прокурор соттан сотталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Іс материалдарын зерделеп, жеңілдететін мән-жайлар - тоғыз айлық баланың болуы, өкінуі және бұрын сотталмағаны ескеріліп, сот сотталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

"... Сотталушы С. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігіне сүйене отырып, үкімді орындау бала 3 жас 9 айға толғанға дейін 3 жылға кейінге шегеріледі", - деді судья.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды. Куәгерлер Алматыдағы автобус апатынан кейінгі жағдай туралы айтты.

8 қарашада Алматының Алмалы аудандық сотында маусымда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты ашық сот отырысы өтті. Жол апатынан 1 адам қаза шегіп, тағы 25 жолаушы әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Бүгін қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Бұдан 10 күн бұрын Алматының Алмалы аудандық сотында маусымда болған автобус апатына қатысты іс бойынша ашық сот талқылауы басталған еді. Онда сотталушы кінәсін толық мойындайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети