Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырған күйі тамақтанып, телефонмен сөйлескен және жолаушыға "Оңай" билетін сұрағаны үшін былапыт сөз айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырған күйі тамақтанып, телефонмен сөйлескен және жолаушыға "Оңай" билетін сұрағаны үшін былапыт сөз айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
7 наурызда болған оқиғаның видеосы Facebook желісінде жарияланды.
"Green Bus Company" ЖШС-ның алматылық филиалының өкілдері жүргізушінің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.
Мұның алдында, Алматы әкімдігі қалалық бюджетінен қаржыландырылатын автопарктерге жаңа талаптар қойғаны хабарланған. Ол келісімнің бұзылған әр тарауы үшін тасымалдаушыларға айыппұл салынады.