Алматыдағы балалар үйіне қатысты дау: тәрбиеленушілер бейнеүндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы балалар үйіне қатысты дау: тәрбиеленушілер бейнеүндеу жасады видео кадры

Алматыдағы №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшірмеу туралы өтінішпен бейнеүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшірмеу туралы өтінішпен бейнеүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтініш авторлары бұған дейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен, Білім басқармасының өкілдері және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кездесуге қатысқанын айтты. Олардың сөзінше, сол кезде шенеуніктер мекемені көшірмеуге уәде берген.

"Балалар үйіне тиіспейміз деді, бірақ үш ай өтті, тағы да айғай-шу басталды. Балалар үйін Қонаевқа көшіру туралы бұйрық шыққанын көрдік. Неліктен? Сұрақ. Шенеуніктер, әкімдер, жауаптылар, бұл не? Балаларды жайына қалдырыңыздар", - деді балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Тәрбиеленушілердің айтуынша, жаңа нысан орналасқан жерде сапалы емханалар, ауруханалар жоқ.

"Бүкіл балалар үйінің атынан заманауи, отбасылық үлгідегі балалар үйін сұрағымыз келеді. Басқа бай адамдар сұрағандай көп нәрсе сұрап жатқан жоқпыз", - деп жазылған үндеуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети