Алматыдағы базар тұрағында тағы да 100 теңге үшін жанжал шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға Алматыдағы "Бакарди" базарының тұрағында болған. Видео кадрларынан жүргізуші мен қызметкер арасында автотұрақ ақысы үшін жанжал шыққанын көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға Алматыдағы "Бакарди" базарының тұрағында болған. Видео кадрларынан жүргізуші мен қызметкер арасында автотұрақ ақысы үшін жанжал шыққанын көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы тұрақ қызметкері жүргізушіге терминал қуаты тауыслғандықтан жұмыс істемейтінін түсіндіріп, 200 теңге төлеуді талап еткен. Видеода Lexus маркалы көлік жүргізушісі бұл оның проблемасы емес екенін айтып, 100 теңге төлегенін ескертеді. Кадрлардан қызметкердің жүргізушіні ұрмақ болғаны көрінеді. Бірақ оны әріптестері тоқтауға тырысады.

Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY_KRIS_P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Полиция оқиғаның Алматы қаласы Алатау ауданындағы "Бакорда" базары тұрағында болғанын растады.

"Алатау аудандық полиция басқармасы мәліметіне сәйкес, оқиға бойынша полицияға қоңырау түспеген. Сонымен қатар, жанжалға қатысушылар анықталды. Олар бір-біріне арыз, шағым жасаудан бас тартты. Профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, 30 наурызда осындай жанжал "Алтын Орда" базары тұрағында болғаны хабарланған еді. Жанжалдың видеосы желі қолданушылары арасында резонанс тудырды. Кейін екі тарап татуласып, бір-біріне шағымы жоқ екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети