Алматыдағы BRT құрылысы: Райымбек даңғылы қалай жаңарады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы BRT құрылысы: Райымбек даңғылы қалай жаңарады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылы Райымбек даңғылын толығымен жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. BRT құрылысы аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен қатар, бүкіл көшені абаттандырамыз, яғни біз көше бойымен түгел – бүкіл ені бойынша жұмыс жасаймыз. Иә, жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілер үшін белгілі бір қолайсыздықтар туындайды, бірақ жұмыстар квартал бойынша жолдарды минималды түрде жабу арқылы ұйымдастырылады", – деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, арнайы жолақ құру және ұзын автобустарды іске қосу қаланың шығыс және батыс бөліктерін байланыстыруды жақсартады. Жобада жолдарды жабуды барынша азайта отырып, арнайы жолақтар салу, жаңа аялдама кешендерін құру, сондай-ақ даңғыл бойындағы аумақтарды кешенді абаттандыру ұсынылған. Аялдамаларды платформаларға орналастырып, қиылыстарға жақынырақ салу жоспарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети