1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды кеше, 15:49

Полиция қызметкерлері Алматыдағы бүлік пен жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген сурет пен видеоларды жіберуге болатын телефон номерлерін жариялады,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Полиция қызметкерлері Алматыдағы бүлік пен жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген сурет пен видеоларды жіберуге болатын телефон номерлерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер тонаушылар туралы ақпарат болса немесе ұрланған тауарлар, заттар, қарулардың қайда сақталғанын білетіндеріңіз болса, көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Бұл - әрбір адал азаматтың борышы. Бет-әлпеттерін немесе көлікті түсіріп алған (сурет, видео) адам болуы мүмкін. Криминалдық полиция осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бізге қоңырау шалуларыңызды немесе жазуларыңызды сұраймыз", - деді полиция қызметкері.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының телефон номерлері: 87087079202, 87055557763, 87775489991, 87073332750. Сондай-ақ, Бостандық аудандық полиция басқармасының телефон номерлері жарияланды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram