Алматының Бостандық ауданындағы бір көшеге марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі беріледі. Tengrinews.kz тілшісі бұл көшеге барып, оның қазіргі жағдайын көріп қайтты.
Айта кетейік, жақында Алматы мәслихатының сессиясында қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің есімі Бостандық ауданындағы бір көшеге берілетіні туралы шешім қабылданды.
Спортшының құрметіне Президент саябағынан жоғары орналасқан "Архат" шағынауданындағы 7-көше атауы өзгеретін болды.
Қандай көше?
Tengrinews.kz тілшісі 7-көшеге барып қайтты. Бұл тұйық әрі шағын ғана көше болып шықты – ұзындығы шамамен 800 метр.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Көшенің екі жағында да қымбат жекеменшік үйлер орналасқан. Кей жерлерде биік қоршаулар артында құрылыс жүріп жатыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Сондай-ақ мұнда биік қылқанжапырақты ағаштарды байқауға болады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Үйлердің қоршауларындағы көше атаулары әлі де бұрынғы қалпында тұр. Онда Денис Теннің есімі көрсетілмеген. Алайда оларды ауыстыру үшін әлі біраз уақыт керек.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Еске салайық, марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі Алматыдағы бір көшеге берілетіні туралы биыл шілдеде белгілі болған еді. Сол кезде Денис Теннің анасы Tengrinews.kz-ке бұл жаңалықты күтпегенін айтты.
"Менің ойымша, мұны бұрын жасау керек еді, бірақ бұл жаңалыққа қатты қуаныштымын. Енді олардың қандай шешім қабылдайтынын білгім келеді", – деп қысқа жауап берді Оксана Тен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!