Алматыдағы Достық даңғылы мен Әуезов көшесіндегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін, - деп хабарлайды Kolesa.kz.
Алматыдағы Достық даңғылы мен Әуезов көшесіндегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін, - деп хабарлайды Kolesa.kz.
Басылым мәліметінше, көліктер тек бір бағытта қозғалатын жаңа көшелер жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді схемасының жаңарған нұсқасында көрсетілген.
Жоспардан 2023 жылға дейін Брусиловский көшесін біржақты етіп, Тілендиев көшесімен екі бағытта қозғалу мүмкіндігін қайтару көзделгенін көруге болады.
2030 жылға дейін мына көшелердегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін:
- Нұрмақов және Манас көшелері Төле биден Абайға дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай;
- Әуезов көшесі Жандосовтан Төле биге дейін (бағыты белгісіз, бірақ оңтүстіктен солтүстікке қарай болатын шығар);
- Әйтеке би Әуезовтен Назарбаевқа дейін батыс-шығыс бағытында;
- Қазыбек би Әйтиевтен Назарбаевқа дейін шығыс-батыс бағытында;
- Әйтиев Қазыбектен Төле биге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай;
- Достық Қазыбек биден Сәтбаевқа дейін солтүстік-оңтүстік бағытында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!