Алматыдағы Esentai Mall сатыла ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Esentai Mall сатыла ма? Фото: 2gis.kz

Алматыдағы Esentai mall сауда орталығының иесі ғимараттың бір бөлігі сатылатыны туралы қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Esentai mall сауда орталығының иесі ғимараттың бір бөлігі сатылатыны туралы қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та Esentai Mall жыл басында сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат пайда болды. Құны 22 миллиард теңгеге бағаланған. Хабарландыру иесінің жалпы ауданы 22 мың шаршы метр болатын кеңселер, дүкендер, бутиктер, қоймалар, автокөлік қызметтері, көлік жуу, қоғамдық тамақтандыру және сұлулық салондары орнын сатып алуды ұсынғаны айтылған. Сонымен қатар, сауда орталығының жалпы жалға берілетін ауданы 49 мың шаршы метр болатыны айтылған.

Осыған байланысты редакция пікір алу үшін Esentai Mall сауда орталығына иелік ететін "Си Пи Ритэил Алматы" компаниясына жүгінді. Кейін олар нысанның сатылатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"ЖШС "Си Пи Ритэил Алматы" компаниясына" тиесілі Esentai Mall сауда орталығын немесе оның үлесін саудаға шығарған жоқ. Серіктестік Esentai Mall сауда орталығын немесе оның акцияларын сату мәселесін қарастырмайды және ондай ниеті де жоқ", - деп түсіндірді компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети