08 қаңтар 2016 | 14:29

Алматыдағы жекеменшік емханалардың бірінде ер адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Алматыдағы Каменка ауылында орналасқан "Сұңқар" емханасында Михаил Садықов есімді пациент дәрі еккеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Каменка ауылында орналасқан "Сұңқар" емханасында Михаил Садықов есімді пациент дәрі еккеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне Арман Оспанов есімді қолданушы жазды. Таратылған ақпарат бойынша, ер адам "Цефазолин" антибиотигін тамырға жібергеннен кейін қайтыс болған. Оның айтуынша, мейірбике Садықовқа сынама ретінде дәрі салып көрмеген, сондықтан онда анафилактикалық шок болды. Сонымен қатар, оның мәліметінше, емханадағылар ер адамды құтқарып қалуға әрекеттенбеген. Оспановтың айтуынша, оқиға орнына жеткен дәрігерлер бригадасы Михаилдың жүрегін жұмыс істетті, алайда ер адамды №7 қалалық ауруханаға апарар жолда оның жүрегі қайта тоқтап қалған. Оны қайта тірілтті, алайда зардап шеккен адамның миы жұмыс істемей қалып, таңға жуық көз жұмды. Оспановтың мәліметінше, осыған ұқсас оқиға екі апта бұрын дәл осы емханада болған, оның мәлімдеуінше, ол кезде "Сұңқар" дәрігерлерінің салғырттығынан бір қыз қайтыс болды. Хабарламаның авторымен байланысу мүмкін болмады.

"Сұңқар" емханасындағылар Михаил Садықовтың қайтыс болғанын растады. Мекеме директоры Қарлығаш Смағұлованың түсіндіруі бойынша, 5 қаңтарда Садықов анасымен бірге емханаға барған. Оған пневмония диагнозы қойылып, дәрігер "Лемаксол" препаратын тамырға жіберуге нұсқаулық берген. Алайда ол антибиотик дәріханада болмай шығыпты. "Мен оның анасына қарама-қарсы тұрған дәріханаға баруға кеңес бердім, алайда ол барудан бас тартып, "Лемаксолдың" орнына "Цефтриаксон" алды, ол да тамырға жіберіледі, - деді фармацевт Айнаш Бектасова. - Мен сынама жасап көру керек екенін түсінікті етіп жазып бердім. Сол дәрімен олар ем жасау бөліміне кетті".

"Сұңқар" емханасының хирург-дәрігері Еркін Құрамысовтың айтуынша, науқастың анасы сынама жасамастан дәріні салуды өзі сұраған, бірақ медициналық қызметкер Анар Шердебаева ереже бойынша сынама жасады, алайда ер адамға ол кері әсер етпеген. Сол кезде ғана оған дәрі толықтай егілді. "Цефтриаксон" мен "Лемаксол" - ұқсас дәрілер, - деп түсіндірді Құрамысов. - Бұл заттар әртүрлі болғанымен, әсері бірдей. Сонымен қатар, сол күні пациентке дәрумендер берілген, қазір ішкі зерттеу жұмыстары жүріп жатыр, Садықовтың нақты неден қайтыс болғанын әзірше айтуға болмайды".

Сонымен қатар, емхана директоры Смағұлованың айтуынша, Шердебаева ережеге сай әрекет еткен. Дәрігерлердің қолында ер адамның анасының берген қолхаты да бар, ол дәрігерлерге тағар айыбының жоқ екенін жазған. "Бүгін ол жерленді, барлығымыз алаңдаулымыз. Жерлеу шығынын өз мойнымызға алдық, сол оқиғадан бері оның отбасымен байланыстамыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Смағұлова екі апта бұрын дәл сол емханада бір қыз қайтыс болды деп жазған хабарламаның авторының үстінен полицияға арызданбақшы. "Ол бізде бір қыз қайтыс болған деп жазыпты, олай болған жоқ, жалған. Мен полицияға арызданамын, айтқанын теріске шығарсын, бұл жердегі әңгіме біздің абыройымызға қатысты. Сонымен қатар, қалада бірнеше "Сұңқар" емханасы бар, біздің "Сұңқар" медициналық орталығына қатысымыз жоқ, бізді жиі шатастырып жатады", - деді мекеме басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети