Алматыда ЖЭО-2 алаңында жаңа станция салынуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарамасының төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ержан Медетов қаланың экологиялық мәселелерін шешу жол картасы бойынша халық алдында есеп беру кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медетов ЖЭО қазандықтарын газға ауыстыруға арналған бастапқы жобаның мемлекеттік сараптамадан өтпей қалғанын атап өтті.
"Жобаға тапсырыс берушілер алғашқы нұсқа бойынша сараптамадан өтпеді. Қазір төртінші нұсқа бойынша, яғни бу-газ қондырғысы негізінде жаңа станция арқылы ауысу қарастырылып жатыр. Сараптаманы 30 қыркүйек пен желтоқсан аралығында өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл қондырғыдан кейін улы заттардың шығарылуы шамамен 93 пайызға төмендейді", - деді Медетов.
Сонымен қатар, ол қызығушылық білдірген институттармен ЖЭО-3-тің техникалық бағыты анықталғанын айтты. Ол бойынша бу-газ қондырғысы да орнатылуы мүмкін. Жақын арада техникалық-экономикалық негіздеуді дайындайтын мердігер компанияны анықтауға арналған байқау басталады.
Еске салайық, билік 2020 жылдың қазанында ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың 4 нұсқасының бірін таңдаған еді. Бастапқыда бұл ескі станцияны жетілдіріп, жаңа қазандық қою болды. 2021 жылдың сәуірінде жоба мемлекеттік сараптамадан өтпей қалды. Әрі бағасы да 98 миллиард теңгеден 131 миллиардқа қымбаттаған. Ал жаңа станцияның құрылысына 273,818 миллиард теңге қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!