Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмады? ТЖД жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмады? ТЖД жауабы Фото:depositphotos.com

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сирена неге қосылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сирена неге қосылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел хабарландыру жіберу кезінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл хабарламалар қала тұрғындарына кеш келеді, өйткені бұл халықтың тығыздығынан, желі операторлары ақпаратты өңдеуге үлгермейді. Тиісінше, мұндай ақпарат кеш барады. Біз бірте-бірте мұндай ақпарат тарату тәжірибесінен алыстадық. БАҚ-та жер сілкінісі туралы ақпарат 00:11-де пайда болды. Осыдан кейін, әлеуметтік желілерде жер сілкінісі туралы хабарланған кезде, біз ақпаратты біртіндеп беріп, тыныштандырдық.

Сиренаға келетін болсақ, біздің қалада шамамен 843 электрсирена бар, бұл 100 пайыз қамтиды. Сиреналар магнитудасы 5,5 балдан асатын дүмпулерді сейсмостанциялар тіркеген кезде ғана іске қосылады десек. Бұл жағдайда бізде 4-тен 5 баллға дейін, сондықтан сиреналарды қосудың қажеті де, мағынасы да болмады. Біз дүрбелең тудырғымыз келмеді және менің ойымша, одан көбірек шу болар еді", - деді ТЖД бастығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети