Алматыдағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны 44-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны 44-ке жетті Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 44 адам медициналық көмекке жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 44 адам медициналық көмекке жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат 1-ден бастап бүгінгі таңертеңге Алматыда бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

Әртүрлі көрсетілімдермен олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-і емдеуге жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

Сондай-ақ, 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і емдеуге жатқызылды, 5-і амбулаториялық емге жіберілді.

Барлық пациенттер қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.

Түнде Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети