Алматыдағы жер сілкінісінің эпицентрі қала аумағында тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы жер сілкінісінің эпицентрі қала аумағында тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Картаға қарағанда, жер сілкінісінің эпицентрі Әл-Фараби даңғылынан төмен Гагарин көшесінің бойында орналасқан №125 мектептің маңында тіркелген.
Ал өз кезегінде қалалық ТЖД өкілдері зілзаладан ешқандай қирау дерегі тіркелмегенін хабарлады.
Алматылықтар жер сілкінісін бүгін, шамамен сағат 15.20-да сезді.