Алматыдағы жолайрықтар құрылысы қашан аяқталатыны айтылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жолайрықтар құрылысы қашан аяқталатыны айтылды Сайн - Мөңке би көлік айырығы, эскиз

Алматыда үш жолайрық құрылысын аяқтау мерзімі айтылды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үш жолайрық құрылысын аяқтау мерзімі айтылды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұрзахановтың айтуынша, Бұқтырма - Құлжа, Сейфуллин - Жансүгіров және Сайн - Мөңке би жолайрықтарының құрылысы жалғасып жатыр.

"Бұқтырма және Құлжа жол айрығы бойынша жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Қала аумағы бойынша жер учаскелерін сатып алу толығымен аяқталды. Жақын арада Талғар ауданы аумағынан екі учаске сатып аламыз. Бұл мәселемен Алматы облысының әкімдігі айналысады.

Кейін эстакада мен съездер салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау, сол арқылы көліктің барлық бағыттарда жүруін қамтамасыз ету жоспары бар. Биылғы жылдың қыркүйегіне барлық жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр", - деді Мырзаханов.

Оның айтуынша, Сейфуллин мен Жансүгіров жолайрығындағы сатып алынған учаскелерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс толық 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

"Сайн мен Мөңке би жолайрығында дайындық жұмыстары басталды. Биыл бұл жолайрығында да қозғалысты ашу жоспары бар, бірақ жұмыстың толық аяқталуы 2023 жылға жоспарланған", - деп түйіндеді ол.

Ғани Мұрзаханов, өткен жылы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталғанын еске салды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети