Қалқамандағы (№7 ҚКА) аурухана маңына қонған тікұшақ алматылықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалқамандағы (№7 ҚКА) аурухана маңына қонған тікұшақ алматылықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. "Қалқаманда (ауруханада) тікұшақтардың қонғанын ешқашан көрмеппін, дамып келе жатқан сияқтымыз", - деп жазылған видеоның астына.
Алматы денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл роликке қатысты түсінік берді.
"Бүгін сағат 11.46-да Жамбыл облысы Қордай ауылының аудандық орталық ауруханасынан Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасына үш адам тікұшақпен жеткізілді, олар Алматы - Тараз тас жолында жол апатынан зардап шеккен, тікұшақ аурухананың маңына қонды", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, Алматының екі ауруханасында тікұшақ алаңы бар: №4 ҚКА және №7 ҚКА. Олар Алматыда Универсиада-2017 дайындықтары шеңберінде тұрғызылған. Тікұшақпен көбінесе жол апатынан бас ми жарақатын алғандар мен сүйектері сынғандар жеткізіледі.