Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖД мәліметінше, 18 шілдеде Алматының таулы аудандарында бұршақ, найзағай және қатты жел күтіледі. Желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді, жел оңтүстік-батыстан соғады.
"ТЖД қала тұрғындарына көлікті ағаштардың астына қоймауды ұсынады. Егер бұршақ жауғанда ғимартта болсаңыз, терезелерден мүмкіндігінше алыс тұрыңыз және үйден шықпаңыз. Егер бұршақ басталғанда далада жүрсеңіз, онда ық жерге барыңыз және қолайсыз ауа райы басылғанша күте тұрыңыз", - деп ескертті алматылықтарға.
Сонымен қатар, 17-20 шілдеде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Алматыға іргелес таулы аудандарда беткейлерде ағынды сулардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Қауіпті деңгейден асып кетсе, тасу және су басуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!