04 наурыз 2016 | 16:02

Алматыдағы "Көктөбе" ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Көктөбедегі аспалы жол ресми түрде бүгін, 4 наурызда ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, аспалы жолдың ашылу мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Сонымен қатар, бүгін жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек (колесо обозрения) іске қосылды.


Иконка комментария блок соц сети

Көктөбедегі аспалы жол ресми түрде бүгін, 4 наурызда ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, аспалы жолдың ашылу мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Сонымен қатар, бүгін жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек (колесо обозрения) іске қосылды.

Аспалы жолмен жүру ақысы бұрынғыдай - екі жаққа 2000 теңге. Ал жаңа аттракционға қатысты айтатын болсақ, оның билеті 1000 теңге тұрады. Айта кетейік, аспалы жолдың ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек келді.

Аспалы жолдың ұзындығы - 1620,3 метр, үстінгі және төменгі станциялар биіктігінің айырмасы - 250 метр. Аспалы жолмен жүру жылдамдығы секундына 0,5-тен 6 метрге дейін жетеді. Барлығы 17 кабина жүреді, олардың әрқайсысына 8 адамнан сыйады. Бір сағатта 750 адамды тасымалдауға болады.


© Роза Есенқұлова

Бұған дейін Көктөбеге апаратын аспалы жолдың жөндеуге жабылғаны хабарланған болатын. Көктөбедегі аспалы жол соңғы рет он жыл бұрын жаңартылған. Көктөбе саябағы басшыларының айтуынша, ол техникалық талаптарға жауап бергенімен ескірді деп саналады.

Көктөбеге дейінгі аспалы жол құрылғыларының барлығы Франциядан әкелінгені белгілі. Бастапқыда аспалы жол 2015 жылдың маусымында пайдалануға беріледі деп хабарланды, алайда кейін оның шілдеде ашылатыны белгілі болды. Кейін бұл мерзімнің шегерілуіне топырақтың жұмсақ болуы сеп екені анықталды, оны нығайту үшін бірқатар уақыт кетті. Кейін оның ашылу мерзімі 2016 жылдың жазына қалдырылғаны хабарланып, кейін Наурызға қарай ашылатыны айтылды. Осыдан кейін Қазиев кабиналардың ресми түрде 2016 жылы 4 наурызда іске қосылатынын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети