06 желтоқсан 2014 | 12:45

Алматыдағы Көктөбеге француздар жаңа аспалы жол салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аспалы жолдың жаңа кабинасы. Суретті түсірген: Ажар Аширова Аспалы жолдың жаңа кабинасы. Суретті түсірген: Ажар Аширова

Францияның басшысы Франсуа Олландтың елімізге жасаған ресми сапары барысында Алматы қаласының әкімі мен Монтань кластері ассоциациясы екіжақты келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz


Иконка комментария блок соц сети

Францияның басшысы Франсуа Олландтың елімізге жасаған ресми сапары барысында Алматы қаласының әкімі мен Монтань кластері ассоциациясы екіжақты келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz

"Бізге олар (француздық ассоциация) "Көк Жайлау" таушаңғысы демалыс орнының ашуға көмек көрсетеді, және құрылыс нысандарын салуға қатысады. Біз осындай келісімге қол жеткізіп отырмыз. Аталмыш ассоциацияның жанындағы РОМА компаниясы қанатты жолда жүретін лифтілерді өндірумен айналысады.  Келісімге сәйкес 2015 жылы Көктөбе қанатты жолына бірнеше лифтілер әкелінеді. Қазірдің өзінде екі лифтіге қажетті құрал-жабдықтар түгелге дерлік жеткізілген. Жаздың ортасында қалған лифтілер іске қосылады, - дейді Алматы қалалық туризм басқармасының жетекшісі Бақытжан Жоламанов. Бұл келісімге қанша қаржы жұмсалатынын ол коммерциялық құпия деп айтқан жоқ. 

Өз кезегінде Ахметжан Есімов тау туризмін дамытуға Алматы қаласы сұранып тұрғанын тілге тиек етті. "Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында француздық компаниялармен жиі әріптес боламыз. Қазір бірлескен 16 қазақ-француз компаниялары, француз капиталы арқылы жұмыс жасап тұрған 37 өндіріс орны бар" - деді Есімов.

Бұған дейін Tengrinews.kz Көктөбедегі қанатты жолды жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлаған болатын. Қанатты жол 9 жыл бұрын жаңартылып еді. "Көктөбе" паркінің басшылығы бұл нысанның моральдік тұрғыда ескіргенін, техникалық жөндеу қажет ететінін айтқан-ды. Қанатты жолдың ұзындығы 1727 метр, бұл ұзақтықты лифті 6 минутта жүріп өтеді. Сол алты минуттың ішінде туристер қаланың керемет жерлерін үстінен тамашалауға мүмкіндік алады, жаңадан салынған Шығыс айналма жолы да әдемі көрінеді. Қанатты жолдың максимальді биіктігі - 80 метр, қозғалыс жылдамдығы секундына- 6,2 метр, Жоғарғы және астыңғы стансалардың биіктігі - 250 метрді құрайды. 

Бұған дейін, француз көшбасшысының Қазақстанға 5 желтоқсанда ұшып келгенін хабарлаған едік. Астанада ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Кездесу барысында екі ел басшылары қазақ-француз стратегиялық әріптестігін дамытудың басым бағыттары, сауда-экономикалық әріптестікті дамыту жолдары, нефтегаз бен ғарыштық салаға салынатын инвесция және теміржол машинасын жасау секілді бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Бүгін, яғни 6 желтоқсан күні Олландтың ресми сапары аясында париждік Сорбонна университетінің Алматыдағы филиалы ашылады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети