Көлік реформасының аясында Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік реформасының аясында Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігінің басқармасы қазір жол қозғалысына қатысты кешенді жүйе дайындап жатыр. "A+S" ресейлік-неміс компаниясының мамандары Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтымен біріге отырып қаладағы бірнеше көшеге біржақты қозғалысты енгізу мәселесін зерттеп жатыр.
"Қазіргі уақытта мамандар Марков пен Шашкин көшелерін біржақты етуді ұсынып жатыр. Сондай-ақ, Райымбек батыр даңғылына шығатын Мұқанов пен Мұратбаев көшелерінің орнын ауыстыру, яғни, жоғарыға жаққа баратын көшетін төменгі жаққа ауыстыру айтылды. Шевченко мен Құрманғазы көшелеріне де біржақты қозғалыс енгізу ұсынылды. Себебі Құрманғазы Шевченко көшесінен қысқа, ал Құрманғазы көшесін Жамбыл көшесімен қосу ұсынылды", - деді Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.
Сондай-ақ, Мақсұт Исахов 2017 жылы қоғамдық көлік түрлері үшін 17 шақырымға созылған жолақтардың пайда болатынын айтып өтті. Жол қозғалысына қатысты кешенді жүйе тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.