28 шілде 2022 17:39

Алматыдағы мектептерде кроссовка киюге тыйым салынбайды - Білім басқармасы басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Алматы мектептеріндегі оқушылардың формасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Алматы мектептеріндегі оқушылардың формасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының кейбір мектептерінде оқушыларға кроссовка киюге рұқсат берілмейді.

Алайда Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, мектеп оқушыларына кроссовка мен мокасин киюге тыйым салынбайды.

"Мектеп формасы стандарттарында аяқкиім көрсетілмеген. Баланың ата-анасының таңдауына байланысты: егер кроссовка ыңғайлы болса, классикалық стильде, мокасин, кроссовка немесе туфли - мұны ата-ананың өзі анықтайды. Аяқкиімге мұндай нақты талап жоқ", - дейді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Жылқыбаеваның айтуынша, оқушылардың мектеп формасы қою көк түсті болуы керек.

"Бірыңғай мектеп формасына қойылатын талап 2016 жылы білім министрінің бұйрығы бойынша бекітілді, мектеп формасына қатысты ұсыныстар пандемияға дейін де болған. Иә, пандемияның екі жылында еркін формаға рұқсат бердік, бірақ биылдан бастап оқу процесі толығымен оффлайн режимде, мектеп формасына қойылатын талаптар орындалады. Алматы қаласында мектеп формасының түсі - қою көк", - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол мектеп басшылығы ата-аналарды белгілі бір өндірушілер мен жеткізушілерден мектеп формасын сатып алуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ екенін айтты.

"Яғни, егер мектеп формасы ұсынылған бірыңғай стандарт пен түске сәйкес келсе, ата-ананың оны кез келген жерден сатып алуға құқығы бар. Мектептің нақты өндірушіні немесе оқушы киімін жеткізушіні анықтауға құқығы жоқ", - деді Ләззат Жылқыбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети