Алматыдағы менингококк инфекциясы: Қандай жағдайда дәрігерлерді шақыру керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы менингококк инфекциясы: Қандай жағдайда дәрігерлерді шақыру керек? © Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы инфекциялық ауруханаларда 29 мамырдағы жағдай бойынша менингококк инфекциясын жұқтырған 30 адам жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы инфекциялық ауруханаларда 29 мамырдағы жағдай бойынша менингококк инфекциясын жұқтырған 30 адам жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты дәрігерлер дерттің алғашқы белгілері басталғанда - тамақ ауыру, бас ауруы, температура көтерілген жағдайда, денеде бөртпелер пайда болған жағдайда бірден 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем қызметкерлерін немесе учаскелік дәрігерді шақыруға кеңес береді.

"Барлық медициналық ұйым (емханалар) күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірден дәрігерге көрінудің өте маңызды екенін айтып өту керек. Осы орайда жабық ғимараттарда адам көп жерде өтетін мәдени және спорттық іс-шараларға барғанда, сондай-ақ, бассейнге барғанда абай болуларын сұраймыз. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін есте сақтау қажет", - деп кеңес берді дәрігерлер.

Еске сала кетейік, бұл дерттен төрт адам көз жұмды. Олардың бірі студент, енді бірі балабақшаға барып жүрген бүлдіршін және екі ересек адам.

26 мамырдағы жағдай бойынша, Алматыда 29 адамда менингококк инфекциясы расталды: 26 ересек адам және үш бала. Төрт адам жазылып, ауруханадан шықты, төрт адам көз жұмды.

Менингококк инфекциясы - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети