Алматыдағы мурал қалпына келтірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы мурал қалпына келтірілді

Алматыда бұрын боялған мурал қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұрын боялған мурал қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сейфуллин даңғылы, 565 мекенжайындағы үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары аясында мердігер компания - "Орион" ЖШС 21-28 қазан аралығында үйдің қасбетінде "Ожидание" муралын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Жұмысты мурал авторларының қадағалауымен мердігер компания өз қаражаты есебінен жүргізді", - деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

"Ожидание" муралы 2019 жылы MURAL FEST IV Халықаралық монументалды өнер фестивалі аясында жасалған. Туындының авторлары – суретшілер Сәуле Сүлейменова мен Қуаныш Базарғалиев (КуБа).

Еске салайық, бұған дейін Алматы орталығындағы танымал муралдардың бірі өшірілгені белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети