10 сәуір 2015 | 18:32

Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары өздерін нағыз қалалық сезінетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары өздерін нағыз қалалық сезінетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары өздерін нағыз қалалық сезінетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 10 сәуірде Алматы әкімі Ахметжан Есімов Наурызбай ауданының аумағын толығымен жоспарлау жобасын мақұлдады. Салынатын әкімшілік-іскерлік, тұрғын үй, сауда-өндірістік және қоғамдық маңызы бар нысандардың макеттері әкімге көрсетілді.

"Ауданның 153 гектар жеріне биік тұрғын үйлер, білім және денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде әрқайсысы 1200 орынды 4 мектеп, 320 орынды 9 балабақша салынады. Бұлардан өзге, елімізде теңдесі жоқ агрокешен де осы аудан аумағына орналасады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы әкімі бірінші кезектегі шараларды жүзеге асырып, әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысандарды салудың негізгі міндет екенін айтты.

"Таяудағы міндет - аудан тұрғындарының өздерін нағыз қалалықтар ретінде сезінулеріне қол жеткізу. Ол үшін бізге сапалы инфрақұрылымды дамыту қажет. Алдағы басты мақсат - Наурызбай ауданын Алматыдағы нағыз заманауи және жайлы ауданның біріне айналдыру, оған толық мүмкіндік бар, біз оны алғашқы қазығын қағудан бастап салудамыз", - деді Ахметжан Есімов.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ауданда бұрыннан бар жолдар қайта жасалып, жаңа жол-көше желісі салынады. Көпшілік пайдаланатын жерлерге ашық автотұрақтар мен "смарт-паркингтер" орналасады. Аудан аумағын көгалдандыруға ерекше маңыз беріледі. Алдын-ала есептеулер бойынша, жобаны жүзеге асыру мерзімі 3 жылды құрайды.

Еске сала кетейік, 2014 жылы шілдеде Алматы қалалық мәслихатының кезекті сессиясында мегаполистің жаңа әкімшілік-территориялық бірлігі - Наурызбай ауданын құру туралы шешім қабылданған болатын. Мегаполистің сегізінші ауданы болып саналатын бұл аумақта 180 мыңнан аса адам тұрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети