Алматыдағы өнер колледжінің студенттері шұғыл эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы өнер колледжінің студенттері шұғыл эвакуацияланды

Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жанындағы колледжіне бір аптада үшінші рет жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жанындағы колледжіне бір аптада үшінші рет жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Колледжге жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін куәгерлер редакцияның WhatsApp нөміріне оқу орнындағы эвакуацияның видеосын жіберді.

ПД-нің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында білім мекемесінде тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды.

Белгілі болғандай, колледж ғимаратын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылмаған. Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қазір полиция колледжге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети