Алматыдағы “оптовка“ базарының болашағы қандай болмақ?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: 2gis.kz Фото: 2gis.kz

Алматыдағы атақты "Оптовка" базарының болашағы қандай болмақ? Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан базардың алдағы тағдыры туралы баяндама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы атақты "Оптовка" базарының болашағы қандай болмақ? Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан базардың алдағы тағдыры туралы баяндама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар арасында базарды реконструкциялауға қатысты қауесет пайда болады.

Әкімдік басқармасының мәліметінше, базардың иесі "Market Rent Company" ЖШС. Сондай-ақ, әкімдік меншік иесінің бастамасы бойынша базарды ішінара қайта құру және жаңғырту жүргізілетінін хабарлады.

"Басшылықтың айтуынша, базарды бұзу, сату немесе нысаналы мақсатын өзгерту жоспарланбаған, базар өз қызметін жалғастырады", - деп хабарлады кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Алайда, базар басшылығы жоспарланған жұмыстардың эскизі мен көлемін бекітпеді, сондықтан құрылыс жұмыстарының басталу және аяқталу күні туралы ақпараттандыру мүмкін емес.

"Бүгінде базар толық жұмыс істеп тұр. Жұмыс істеп тұрған базар саудагерлері басшылықпен уағдаластық шеңберінде өз қызметін жалғастырады", - деп толықтырды Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Еске салайық, 2013 жылы желтоқсанда "Найза-БН" компаниясы мемлекеттен халық арасында "Оптовка" деген атаумен танымал Barys IV базарын сатып алған болатын. Ал 2022 жылы сот Алматы "Оптовка" базарын мемлекетке қайтарғаны хабарланды, өйткені бұл нысан бес есе төмендетілген бағамен сатылғаны анықталды: нарықтық құны 1,5 миллиард теңге болса, ол 307 миллион теңгеге сатылған болып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro