Алматыдағы Орталық қалалық ауруханада коронавирус жаппай таралуына байланысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы Орталық қалалық ауруханада коронавирус жаппай таралуына байланысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, вице-министр Людмила Бюрабекова Алматыға барып, аурухана басшылығымен және медициналық қызметкерлермен кездеседі.
Сондай-ақ, тергеу мәліметтерінің прокуратураға жолданатыны айтылады.
"2020 жылдың 5-14 мамыры аралығында 14 адамнан құралған комиссия - ұлттық және халықаралық деңгейдегі эпидемиологтар, зертхана мамандары, медициналық ассоциациялардың өкілдері Алматыдағы Орталық қалалық ауруханада коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты тергеу жүргізді. Бүгін мен осы эпидемиологиялық тергеу бойынша қорытындыны алдым", - деді Елжан Біртанов.
Министрдің айтуынша, тергеу қорытындысы бойынша қажет шешімдер қабылданды.
"Орталық қалалық ауруханада вирус жұқтырған қызметкерлерге еңбек жарамсыздығы парақшасы бойынша төлем жасалады. 11-23 сәуірде карантин жағдайында жұмыс істегендері үшін 350 қызметкерге үстеме ақы берілді. Жалпы сомасы 59 миллион теңге үстеммақы берілді", - деді Біртанов.
"Біз де өмір сүргіміз келеді". COVID-19 жұқтырған алматылық дәрігерлер үндеу жасады
Еске салайық, бұл аурухана 22 сәуірде өз қызметін тоқтатқан болатын. Ал кейінірек аурухананың бас дәрігері ауысқаны хабарланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!