Алматыдағы ірі базарлардың бірінде смартфондар тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ірі базарлардың бірінде смартфондар тексерілді Фото:gov.kz

2025 жылғы 19 мамырда әділет органдары Xiaomi Inc компаниясына тиесілі тауар белгісін заңсыз пайдалана отырып, контрафактілік өнімді өткізу дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі мәліметіне сільеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы 19 мамырда әділет органдары Xiaomi Inc компаниясына тиесілі тауар белгісін заңсыз пайдалана отырып, контрафактілік өнімді өткізу дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі мәліметіне сільеме жасап.

Алматының ірі сауда базарларының бірінде әділет органдары жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, Xiaomi, Redmi және mi сияқты тауар белгілерін заңсыз пайдалану деректерін анықтады.

"Іс-шаралардың қорытындысы бойынша 700-ден астам контрафактілік өнім, оның ішінде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатын ұялы телефондар мен мобильді аксессуарлар", - делінген хабарламада.

Тексеріс Xiaomi Inc компаниясының өкілінің мәлімдемесі негізінде жүргізілген.

"Контрафактілік өнімді өткізу тұтынушылардың сеніміне нұқсан келтіріп қана қоймай, заңды бизнеске нұқсан келтіреді, құқық иеленушілердің құқықтарын бұзады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Зияткерлік меншікті қорғау-экономикадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі".

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылданып жатыр. Іс материалдары кінәлі адамды жауапқа тарту үшін сотқа беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети