14 желтоқсан 2021 14:17

Алматыдағы ірі жолайрық ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ірі жолайрықтардың бірі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы ірі жолайрықтардың бірі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрықты ашты. Хабарламада жол құрылысы аяқталғаны айтылған.

"Рысқұлов арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы 186 метр. Жол бойында орналасқан ғимарат иелерімен сот өтуіне байланысты құрылыстың аяқталу мерзімі созылып кеткен.

Жолайрық тәулігіне 80 мың, Емцов бойымен 40 мыңға дейін көліктердің өтуін арттырады", - делінген хабарламада.

Биыл Алматыда 274 көшеде салынған жаңа жолдар ұзындығы 108 шақырым. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен жеті шақырымдық веложолдарды бөлу жұмыстары аяқталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети