Алматы қаласында сайлау комиссиясының мүшелері учаскелердің біріндегі жәшіктен бюллетендердің ксерокөшірмелерін тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне блогер Марат Шәкен айтып берді. Ол бұл урнаны қарау кезінде куәгер болған.

Блогердің мәліметінше, №232 учаскесінде сайлау комиссиясының мүшесінің қол қойылмаған 22 бюллетень табылған, 17-сі таңдау жасалмаған немесе дұрыс толтырылмаған, сонымен қатар алтауы ксерокөшірме. Бұл бюллетендер өз уақытында анықталып, сайлау комиссиясы олардың күшін жойды.
Вот и нашлись другие фиктивные бюллетени. На них нет подписи председателя избирательного участка. На вид их около 20-30 штук, все они не действительны #sailau2016
Опубликовано Маратом Шакеном 20 марта 2016 г.
Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде ер адамның урнаға бірнеше бюллетенді қатарынан салып жатқаны бейнеленген видео таралған еді. Марат Шәкен бюллетендердің ксерокөшірмесін сол ер адам салды деп есептейді екен.
Опубликовано Айгуль Беймишевой 20 марта 2016 г.