Алматыдағы Сайран маңында 15 жылдан аса қаңырап тұрған құрылыстың бір бөлігі сүріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайран маңында 15 жылдан аса қаңырап тұрған құрылыстың бір бөлігі сүріледі Фото: almaty.tv

Алматыда Сайран маңындағы "Манхэттен" ұзақ мерзімді құрылыс нысанының бір бөлігі бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Сайран маңындағы "Манхэттен" ұзақ мерзімді құрылыс нысанының бір бөлігі бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы 15 жылдан аса уақыт бойы қаңырап тұрған "Манхэттен-Қазақстан" құрылысы бойынша пікір білдірді.

Жер телімінің ауданы – 0,6747 гектар.

"2006 жылы "Қуат корпорациясы" АҚ құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаған. 2008 жылы қаржыландырудың болмауына байланысты құрылыс 10-қабат деңгейінде тоқтатылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 14 583 шаршы метр. 2022 жылғы 17 тамыздағы сатып алу-сату шартына сәйкес, жер телімінің жаңа иесі – жеке тұлға", – делінген Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы таратқан хабарламада.

2024 жылғы сәуірде меншік иесіне қолданыстағы аяқталмаған құрылысты бұзу арқылы әкімшілік ғимарат және қызмет көрсету нысандарын салу мен пайдалануға беру үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілгені де хабарланды.

Бүгінгі күні жаңа ғимараттың эскиздік жобасы келісілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети