25 шілде 2015 | 10:22

Алматыдағы селдің себептері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дәурен Исаев ©Дәурен Исаев

Қарғалы өзені бойында селдің жүру себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарғалы өзені бойында селдің жүру себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Безымеянное" көлі Қарғалы өзенінің бассейніндегі №48 мұздығының астында болған. Көлде су деңгейі визуалды түрде 40 мың текше метр мөлшерінде болды. Жоғары тау аймағында ауа температурасының көп уақыт бойы жоғары болуы себепті мұздың қозғалысынан пайда болған таужыныстар сынықтарының үйіліп қалуы ішкі мореналық ағымымен қосылып, мұздақ босап кетті", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.

Көл шұңқырының бөгеті бұзылмады делінеді. Шамамен секундына 5 шаршы метр болатын су ағыны моренаның соңында селдің жүруіне себеп болды. Әрмен қарай су ағынының ұлғаюы өзен аңғарының деформациясына әкеп соқтырды.

"Қарғалы өзенінің аңғарында "Безымянное" мореналық көлден үш шақырымда орналасқан селден қорғау иммаратында су-тас-лай массасын 20-30 мың текше метр көлемінде ұстап қалды", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай аймағында апат-түзеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың, сәйкес ұйымдардың өкілдері тартылған.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети