05 маусым 2024 | 16:03

Алматыдағы Сейфуллин-Жансүгіров қиылысында көлік қозғалысы өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы өзгертіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty Joly мәліметіне сілтеме жасап.


Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы өзгертіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty Joly мәліметіне сілтеме жасап.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жол айрығын салу жұмыстары аясында көрсетілген учаскеде көлік құралдарының қозғалысына кезең кезеңімен шектеулер енгізіледі.

"Мәселен, 7 маусымнан бастап Сейфуллин даңғылының оңтүстігінде Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтпелі қозғалысы шектеледі. Қозғалыс Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына және Сейфуллин даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі жол айрығының съездері бойынша қамтамасыз етіледі.

14 маусымнан бастап Сейфуллин даңғылының солтүстігінде Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Қозғалыс съездер бойынша қамтамасыз етіледі. Бұл сызба 1 қыркүйекке дейін жарамды болады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, жобада Сейфуллин даңғылында көліктің кедергісіз жүруі үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі тоннель салу көзделген. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылады. 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған. Биыл жыл аяғында жолайрығында көлік қозғалысын толық ашу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 491.74   538.64   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети