Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрық салу құны бес миллиард теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрық салу құны бес миллиард теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Шенеуніктердің айтуынша, жолайрық салу құны құрылыс басталмай тұрып бөлінген бюджетке сай емес. Осыған дейін Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығының құрылысына 8,6 миллиард теңге жұмсау жоспарланған болатын.
"Құрылыс жұмыстарына бюджет жетпей отыр. Өткен жылы түзету енгізіліп, мемлекеттік сараптама бекітілді. Бағаның қымбаттау сомасы 5 миллиард 112 миллион 738 мың 790 теңге", - деді әкімдіктегілер.
Жобаның қымбаттауы құрылыс материалдары мен жұмыс бағасының өсуіне байланысты. Қала билігі материалдардың құнын нарықтық бағаларға сәйкес түзететінін хабарлады. Мысалы, келесі құрылыс материалдары қымбаттады:
- арматура - 101 пайызға;
- бетон - 30 пайызға;
- болат құбырлар - 86 пайызға;
- шойын ысырмалар-46 пайызға;
- көпір қоршауы - 45 пайызға;
Жолайрық құрылысының жұмысы жүріп жатыр. "Батыс" және "Шығыс" өтпежолдары, жаяу жүргіншілер өткелі салынды.
"Құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылған жоқ. Жаңа жер телімдері сатып алынып жатқандықтан жұмыс жалғасып жатыр", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Еске салайық, жоба 2013 жылы Ахметжан Есімов тұсында бекітілген болатын. Құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!