19 қазан 2015 | 17:35

Алматыдағы Сұлтан Қарасу өзенінің аңғарына заңсыз салынған 127 үй сүріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Technica.pro © Technica.pro

Алматыда Сұлтан Қарасу өзенінің аңғарына салынған 127 үй сүріледі, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Сұлтан Қарасу өзенінің аңғарына салынған 127 үй сүріледі, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Азаматтардың жерді заңсыз иемденіп, оны жалға беріп отырғандары анықталды. Бұл туралы хабардар болған әкімдіктің өкілдері сотқа шағымданды. Сот сүрілу туралы шешім шығарды. Өзен аңғарынан 35 метрге дейінгі жерге үй салуға болмайтыны айтылды.

Азаматтар 2009 жылдан бері жерлерді заңсыз иемдене бастаған. Олардың кейбірі ауызша түрде келісімшартқа отырғандарын айтты. Әкімдік мамандары кей үй иелерінің бұл шараға түсіністікпен қарағандарын айтты. "2014 жылы Сұлтан Қарасу өзенінің жағалауын қайта көркендеу жұмыстары кезінде үйлердің заңсыз екенін, үкіметтік жер телімінде, су қорғау жолағында тұрғаны анықталып, Алматы жер қатынастары басқармасына жіберілді. Одан әрі қарай сотқа жіберілді",- деді Алматы қаласы табиғаи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Ислам Мақұлбеков.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети