Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 4 жасар қыздың отбасына пәтер беріледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 4 жасар қыздың отбасына пәтер беріледі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Әкім Бақытжан Сағынтаев Алматыда 7 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 4 жасар қыздың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкім Бақытжан Сағынтаев Алматыда 7 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 4 жасар қыздың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 4 жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барып, көңіл айтқан.

"Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі ", - делінген хабарламада.

Тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар Айкөркем қаза болған, ал оның 15 жастағы әпкесі Жанель жарақаттанып реанимацияға түскен. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі, делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар қыз қаза тапқаны хабарланған болатын. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети