Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан сарбазынан қызметтік ит ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан сарбазынан қызметтік ит ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жауынгер, ефрейтор Рустамбек Байхарашев 5 қаңтарда жараланып, өзінің нағыз досы - Найтс атты қызметтік итінен айырылды.
"Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды, сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған иісшіл итімді алып кетті. Есімді жиған соң полиция қызметкерлеріне қылмыскерді суреттеп бердім. Оны бүгін қамауға алыпты", - деді Рустамбек.
Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті. Найтс (қызметтік иттің аты) қызметтік кабинетте тыныш отырып, өзінің серіктесін күткен.
"Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында шаһарға жақын жерде 1989 жылы туған А. есімді азамат ұсталды. Жоғалған қызметтік ит күдіктінің ауласынан табылды. Қазір ұсталған азаматтың қайғылы оқиғалар кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Кинолог сарбаздың айтуынша, Найтс өте ақылды, мейірімді және тәртіпті ит.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!