18 қаңтар 2019 | 13:26

Алматыдағы тікұшақ апатының негізгі нұсқалары аталды

Алматыда Sky Service әуекомпаниясы тікұшағының құлауына үш себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты,  - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Sky Service әуекомпаниясы тікұшағының құлауына үш себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты,  - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ұшақ сағат 16.08-де құлаған. Ал ұшқыш соңғы рет байланысқа сағат 16.05-те шыққан. Жұмасұлтанов қазіргі уақытта апат болған жерде тергеу шараларының жүргізіліп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Үш нұсқа қарастырылып жатыр. Техникалық ақау, адамдық фактор (ұшуды басқарудағы қателіктер) және қолайсыз ауа райы. Әзірше осы үш нұсқа. Өздеріңіз көрдіңіздер ғой, тұман болды: 150 метр жерге дейін жол көрінбеді", - деді Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы.

Жұмасұлтанов тікұшақтағы нысанды бақылау құралдары ақаусыз дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтып өтті.

Еске салайық, кеше, 17 қаңтарда Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлағаны хабарланған болатын. Апаттан 1968 жылғы ұшқыш Шитов Валентин қаза тапқан еді. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлаған.

Тікұшақ апатынан қаза болған ұшқыштың кім екені анықталды


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная