23 шілде 2019 | 09:40

Алматыдағы төбелес: Қатысушылардың бірі әйелдерді ұрғаны үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы баспасөз мәслихатында болған төбелеске қатысқан ер адамның жағдайды баяндаған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы баспасөз мәслихатында болған төбелеске қатысқан ер адамның жағдайды баяндаған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода баспасөз мәслихатына қатысқандардың бірі Мұрат Пірмағамбетов әйелдердің алдында кешірім сұрады. 

"Өзіме сырттан қарадым. Бұлай болмауы керек, мен әйелге қол көтердім. Сол ісім үшін өкінемін. Менің әрекетімнен, ұстамсыздығымнан зардап шеккен әйелдерден кешірім сұраймын. Бәріңізден кешірім сұраймын", - деді ол. 

Бұған дейін желіде Мұрат Пірмағамбетовтің дәлізде әйелдерді ұрған сәтінің видеосы таралған болатын. Ал әйелдер жауап ретінде ер адамды ұруға тырысады. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, Мұрат тыйым салынған ҚДТ ұйымының мүшесі және Алматыдағы түрлі митингілерге қатысқан. 

Басқа бір видеода әйелдер баспасөз мәслихатына ҚДТ чатындағы хабарламаны көріп келгендерін айтады. Олар төбелестің неден шыққанын айтып берді. 

"Бәрі жаман аяқталды. Бірақ біз араңдатпадық. Егер зиян келтірсек, журналистер алдында кешірім сұрағымыз келеді. Біз өзіміз бастамадық, бізді итермеледі", - деді олар. 

"Біз төбелес болады деп ойламадық. Ол жақта аналарды қатты араңдатты, сондықтан олар төбелес шығарды".

Естеріңізге салсақ, 22 шілдеде Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде әйелдер төбелес шығарған болатын. Бес адам полицияға арыз жазған. Сондай-ақ үш адам "іс-шара ұйымдастырушылары мен журналистер дене жарақаттарын келтіргенін" айтып арызданған. Енді сот-медициналық сараптама болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети